275
Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінде 6 жеке сот орындаушының жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Ведомствода азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды. 2023 жылы қала соттары мамандарының іс-әрекетіне қатысты 34 арыз түсті. Оның ішінде 4 арыз расталды. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 7 өтінішке немесе 17 пайызға аз. Былтыр 41 арыз түскен болатын, – делінген хабарламада.
Нәтижесінде, 2 сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бес адамның ісін тәртіптік комиссия қарайтын болды.