294
Еліміздің азаматтары туысының қайда жерленгенін қосымша арқылы білуге мүмкіндік алмақ.
ҚМДБ бастамасымен еліміздегі әрбір зират цифрландырылады. Кімнің қайда жерленгені туралы деректер “Жерлеу” қосымшасына енгізіледі. Платформа жыл соңына дейін жасалады.
Бұл қосымшадан, адам қаза болғанда қандай анықтаманы алу керек, қайда бару керек, әр аймақта олардың қызмет құны қанша деген ақпараттарды табуға болады. Яғни, сіз әлемнің кез келген жерінде жүрген болсаңызда, туысыңыздың қайда жерленгенін біле аласыз. Ол үшін қаза болған адамның аты-жөнін терсеңіз жеткілікті. Ал мекен-жайы, 2GIS қосымшасынан көрсетіліп тұрады.
Мамандар қазірдің өзінде Астана, Шымкент қалаларындағы мұсылмандық зираттарды цифрландырып үлгерген.