Ерте есейгісі келген екі оқушы аман-есен табылды

Теги: , ,
302

Шымкентте жоғалған екі оқушы табылды. Екі жағдайда да жасөспірімдер ата-анасынан жасырын түрде кешкі уақытта ғашықтарымен серуендеуге шыққан. 

Полиция хабарлауынша, үлкендер романтикалық қарым-қатынас орнатуға тыйым салған соң оқушылар осындай қадамға барған көрінеді.

Тұран ауданының тұрғыны 15 жасар қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қаққан.

Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды.Нәтижесінде  жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына оралды.

Алдыңғы пост
Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті
Келесі пост
Азиада-2023. Димаштың Қытайдағы фанаттары қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu