ХҚКО мамандары жемқорлыққа белшеден батқан ба?

221

Соңғы кездері мамандандырылған ХҚКО басшыларына, қызметкерлеріне қатысты ақпараттар артып отыр. Өйткені, Антикор бұл салада кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктелуде.

Сондықтан, Агенттік уәкілетті органдарға жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар енгізді.

Процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің жаңа редакциясында көрініс тапты.

Тіркеу іс-әрекеттері кезінде көлік құралдары иелерінің (өкілдерінің) және теориялық емтихандарды тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің жеке басын міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілді.

Автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.

Агенттіктің ұсынысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама беруді электрондық форматқа ауыстырды. Бұл қағаз тасығышта жалған анықтамалар беру мүмкіндігін болдырмайды.

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесінде бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.

Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайталама әрекеттердің саны – 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда-3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде – 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды.

Алайда, қазіргі уақытта жекелеген азаматтар, сондай-ақ Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысуда.

Алдыңғы пост
Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды
Келесі пост
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтің тағдыры не болмақ?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu