432
Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты. Бұл туралы депутат, Абзал Құспан желідегі парақшасында мәлімдеді.
Естеріңізде болса, мемлекетке опасыздық жасағады және билікті басып алуға тырысты деп айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Президенттің атына кешірім беру туралы өтініш жазған болатын.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.