238
Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірген. Ол, қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында.
Мәсімов, өз кінәсін түсінді ме? Әлде ары мазалады ма? Президенттен кешірім сұрау үшін өтініш білдірген. Мұны ҰҚК растады.
“Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады”, – деп хабарлады ҰҚК.