10
Кенияда үкіметке қарсы өткен жаппай наразылықтар барысында 11 адам қаза тауып, 567 адам ұсталды. Елдің 27 округінде басталған наразылықтар 25 маусымнан бері жалғасып келеді. Мыңдаған шеруші ел астанасы Найробидің орталық іскери ауданына жиналған.
Полиция наразылықты басу кезінде резеңке оқтар, су атқыштар және кей жерлерде жауынгерлік оқтар қолданғанын мойындады. Ресми мәлімет бойынша, 52 полиция қызметкері мен 11 бейбіт тұрғын жараланған.
Кенияның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясы (KHRC) полицияны наразылық білдірушілерге қарсы шамадан тыс күш қолданды деп айыптап отыр.
Бұл наразылықтар елде полицияның қатыгез әрекеттеріне қарсы жауап ретінде басталды.