«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2300 бала дүниеге келді

Теги:
344

Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2 300 бала дүниеге келді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және дисциплинарлық бақылаумен қамту 82 пайызды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде 3 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, көптен күткен 2 300 бала дүниеге келді», – деді министр.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде ана мен бала денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауда.

«Жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 2%-ға ұлғайды және 82%-ды құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ға өсіп, 40%-ға жеттіү Бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді», – деді еліміздің бас дәрігері.

Ведомство мәліметінше, министрлік балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобы бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандартын бекітті. 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады.

Сонымен қатар, тандемді масс-спектрометрия әдісімен зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп қаралды.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін артты.

МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27%-ға ұлғайды. 2022 жылы балаларды оңалтуға 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтар бойынша даярлауға гранттар саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды», – деді Ажар Ғиният.

Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілген. Ол үшін 16 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Алдыңғы пост
Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келді
Келесі пост
Еліміздің үшінші мегаполисінде тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu