Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келді

Теги:
199

23 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке кеші өтеді. Бұл әншінің Қазақстандағы алғашқы концерті.

Қазақстанға әлемнің 68 елінен өнер иесінің ерекше дауысын тірідей есту үшін жанкүйерлері арнайы келді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам маман жұмылдырылған. Концертке 400 волонтер қолдау мен көмек көрсетеді. Көрермендерді ультразаманауи шоу күтуде.

Концертте Димаш Құдайберген 31 ән орындайды. Шоу барысында әртісті өзінің бэнд-тобы сүйемелдейді. Онда баршаның сүйіп тыңдайтын композицияларымен қатар жаңа туындылар да шырқалады.

Осы концертте Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді орындайды. Бұл әйгілі француз музыканты FKJ шығармашылығынан шабыттанған стильді жастар әні. Маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық шығарманы Әбілмансұрдың өзі де орындайды.

Кеште Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің көмегімен жазылған Димаштың испан тілінде жақында жарияланған шығармасы да орындалады. Сондай-ақ «Бір аспанның хикаясы» атты авторлық композициясы шырқалады.

Концертке халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.

Алдыңғы пост
Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу шарасы басталды
Келесі пост
«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2300 бала дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu