Ақшадан қысылған жас келіншек 6 адамды сан соқтырып кетті

303

Түркістан облысы Келес ауданында жас келіншек 6 тұрғынды арбауына түсірген. Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданды. Айтуынша, оны жақын танысы алдап кеткен. Яғни, ол кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз  1 миллион 200 мың теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 300 мың теңге ақша алған. Алайда арада 3 ай уақыт өтсе де  сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Көп ұзамай күдікті ретінде жұмыссыз жүрген әйел ұсталды.

«Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдаған. Оның алаяқтықтың жалпы 6 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Екі ел президенті Ташкенттегі алғашқы бигвиллдің құрылысын бастап берді
Келесі пост
Павлодарда жасөспірім қыз 8-қабаттан құлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu