417
Шымкентте ет жегісі келген жас жігіт дүкенге ұрлыққа түсті. Полицейлердің дерегінше, оқиға таңғы уақытта болған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат сауда сөрелеріндегі ет өнімдерін жасырын түрде жымқырып бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 6374 теңгені құраған.
Дүкен иесінің арызы Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көп ұзамай күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ұсталған жігіт өз кінәсін мойындаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.