Алматының екі тұрғыны мешітте ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған

323

Алматыда 29 және 34 жастағы екі ер азамат мешітте ұрлық жасауды кәсіпке айналдырып алған. Бостандық ауданының полицейлері Аллаға құлшылық жасау орнында жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жұмыссыз екі ер адам ұсталды. Оның бірінің 5 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Екіншісінің  ұрлық қылмысының екі дерегіне қатысы бар. Екі айыпталушы да шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған. Жәбірленушілердің айтуынша, олар намаз кезінде телефондарын еденге қойып, құлшылық жасап болған байланыс құралдарының жоғалғанын байқаған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр»,- деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодексті 188-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада СПА-салон қызметкері клиенттің алтындарын үптеп кеткен
Келесі пост
 «Сарбаз» болып туылмайды, қалыптасады»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu