Асар 2 шағын ауданында 2700 ден астам жекеменшік сектордағы үй болса, соның ішінде 500 ге жуық отбасы қуанышқа кенелді. Олар біраз жылдан бері көмір жағып, күл шығарып келсе, ол күн келмеске кетті дейді тұрғындар. Табиғи газға қол жеткізгендердің бірі Қарсыгүл Молдабекова. Ол отбасымен бірге Асар 2 шағын ауданына осыдан үш жыл бұрын көшіп келген. Енді, жолымызды реттеп берсе, нұр үстіне нұр болар еді дейді зейнеткер.
Қарсыгүл Молдабекова, қала тұрғыны:
– «Газ келді, алдын су келді балалар. Мына табиғи газдың келгеніне өте қуаныштымыз. Жақында қосылды ғой. Табиғи газга жетпейді. Осы учаске алып, көшіп келгенімізге үш жыл болды. бұл жерге немерелеріміз үшін келіп отырмыз, шал екеуміз. Балаларым студент, қыздарым студент. Бұрын газ жоқ еді, су жоқ еді. Мен қала әкімі Әйтеновке рахмет айтамыз. Сендерге рахмет»
Айта кету керек, аталмыш шағын аудандағы 500 үйдің құжаттары толығымен дайын. Сондықтан, табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды. Ал қалған отбасылар баспананың құжаттарын реттеп, “ҚазТрансГазАймақ” акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады. Аудан әкімінің айтуынша, 2800 ге жуық отбасының көбі әлі қоныстанып үлгермеген.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:
– «Қалған үйлердің барлығы бойынша газды үйге кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың өз есебінен жүргізілетін болады. Асар 2 де ауыз су 100 пайыз қамтамасыз етілген. Электр жарығы 70 пайыз, 30 пайызына қазір 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүріп жатыр. Бұл жерде өздеріңіз білесіздер,жоба бойынша 2800 ден аса отбасы болуы керек, оның барлығы қаныстанған жоқ. Себебі, 2010 жылдан бастап, жайлап қоныстанып жатыр. күні бүгінге дейін газ боламады. Енді міне
Аудан әкімінің сөзіне сенсек, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізілді. Ал жалпы аудан бойынша 70 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ал қалған алты елмекендерінде газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып отыр. Десе де, келер жылға өтпелі дейді.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:
– «Қайнарбұлақ саяжайы бар, Қайнарбұлақ тұрғын алабы,Бозарық, Асар елдімекендері бар. Сонымен қатар, Тәуелсіздік 20 жыл елдімекені бар. Олардың барлығында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр».