Шымкентте төрт білім ұясының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық Үкімет порталында Үкіметтің қаулысы талқылауға ұсынылды.
«Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Фариза Оңғарсынованың есімі берілсін;
Шымкент қаласы білім басқармасының «№80 IT мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ақселеу Сейдімбектің есімі берілсін;
«Шымкент қаласы білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі берілсін,
«Шымкент қаласының білім басқармасының «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Шымкент қаласының білім басқармасының «Тәуке хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта аталсын» делінген Үкімет қаулысында.