345
Алматыда қоғамдық автобустардың соқтығысуынан бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін Төлеби және Абай көшелерінің қиылысында болған.
Жолаушылар тасымалдау көлігінің бірі тротуарға қарай өтіп кеткен. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, №98 және №201 бағыттағы екі қоғамдық көлік соқтығысқан.
«Бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды» делінген ведомство мәліметінде.