373
Алматыда 17 жасар бойжеткен әжетханада босанып, баласын тастап кеткен болатын. Бұл туралы полицейлерге аурухана қызметкерлері хабарлаған.
Оқиға орнына Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы мен оның әріптесі барып, сырттағы дәретхана ішінен шақалақты аман алып шықты.
«Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор атағын алды» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дәл сондай бұйрықпен полицейдің қасында бірге болған әріптесі – лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алатын болды.