Таразда “қант әперемін” деп тұрғындарды алдаған алаяқ қолға түсті. Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер тараздық полицейлерге бірнеше тұрғын арызданғанын айтты. Шағым түсірушілер бейтаныс азаматшаның арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткенін атап көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асады.
«Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген департамент мәліметінде.
Полицейлер бойжеткеннің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтап жатыр