Семей қаласының тұрғыны AnyDesk қосымшасын орнатып, алаяқтарды байытқан. Полицейлердің дерегінше, жыл басынан бері Семей қаласында тұрғындардың алаяқтардың айласына түсіп, мобильді құрылғысына AnyDesk қосымшасын орнатудың 18 оқиғасы тіркелген. Мәселен, 36 жастағы тұрғын AnyDesk қосымшасын орнатып, есепшотындағы 5,8 млн теңгесінен айырылды. 27 желтоқсан күні алаяқтар өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, мессенджерлердің бірі арқылы жәбірленушіні шақырған. Алаяқтар оның атын, әкесінің атын, туған күнін және басқа да жеке мәліметтерін берген соң жәбірленуші сеніп қалған. Содан олар тұрғынды банк карталарын екі факторлы қорғауды қамтамасыз ететін қосымшаны орнатуға көндірген. Жәбірленуші нұсқауларды орындап, алаяқтарға телефонға келген бір реттік кодты айтқан. Осы сәттен бастап шабуылдаушылар бейхабар адамның телефонына қол жеткізген.
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді