394
Қарағандыда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды. Олардың бірі көлікке отырып, оқиға орнынан қашпақ болған. Содан полицияның қызметтік көлігін соғып кеткен.
17 адамды ұстау операциясы бүгін, 19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында өтті. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және “Арлан” арнайы мақсаттағы қызметкерлері бұзақылық әрекеттердің жолын кесті.
«Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді. Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді» делінген ІІМ Telegram-каналындағы мәліметте.