ПРЕСС-АНОНС «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыстау рәсімі

Теги:
5,905

2022 жылдың 22 желтоқсанында спорт саласындағы ең маңызды наградалардың бірі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыстау шарасы өтеді. Сыйлықтың серіктері Sport Qory – туризм және спорт индустриясын қолдау қоры. Салтанатты іс-шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт саласындағы кәсіби мамандарды, спорт журналистерін және басқаларды марапаттайды. Сарапшылар бастаған қазылар алқасы жылды қорытындылап және үздіктерді атайды.

Барлығы 14 номинация бойынша 20 лауреат есімі анықталады:

1) «Жылдың үздік спортшысы» – 2 номинация;

2) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» – 2 номинация;

3) «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;

4) «Жылдың үздік спорт мекемесі»;

5) «Жылдың үздік спорт өңірі» (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру басқармасы);

6) «Ауылдағы жылдың үздік жаттықтырушысы»;

7) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»

8) «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;

9) «Ойын түрлері бойынша жылдың үздік спорт командасы»;

10) «Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері»;

11) «Жыл жаңалығы»;

12) «Үздік меценат»;

13) «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы»

14) Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушыны еске алуға арналған «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорт журналистері премиясы»

Бұл сыйлықтың мақсаты – спортты насихаттау және спортшыларды үздік болуға ынталандыру.

Марапаттау кеші қазақ эстрадасының талантты әрі танымал өнер иелері: Ескендір Ибрагим, Айдана Меденова, Дэвид Чарлин, «JUMYR QYLYSH» тобы, Гүлнұр Оразымбетова, Ақтоты Болшова және басқалардың қатысуымен өтеді.

Кеш жүргізушілері – Сырым Қашқабаев, Гүлмира Дайрабаева и Санжар Мәди.

Сыйлық номинаттарының есімдері марапаттау рәсімінде жарияланады.

Уақыты: 22 желтоқсан, сағат 18:00

Өтетін орны: «Қазмедиа орталығы», Астана қаласы.

Аккредитация бойынша сұрақтарға жауапты:

Аян Толеген

+ 7 702 838 44 66

Айнагүл Тоқтахметова

+ 7 771 830 73 49

Алдыңғы пост
Қарағандыда төбелеске қатысқан 17 адам ұсталды
Келесі пост
Түркістанда пәтер ұрлығымен айналысып келген әккі ұрылар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu