348
Астанада 18 жасар бойжеткен балконнан құлап, мерт болды. Бұл оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, оқиға Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконында болған. 2005 жылы дүниеге келген елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайды.