383
Елордада ішімдік ішіп алған бойжеткен такси көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Көп ұзамай 31 жастағы қыз ұсталды.
Тергеу барысында белгілі болғаны, күдікті таңғы уақытта жас жігітпен таксиде кетіп бара жатып екеуінің араларында жанжал туындаған. Содан такси жүргізушісі жанжалға байланысты оларды автокөліктен түсіріп тастайды. Сол кезде такси жүргізушісі мен жас жігіт ерегісіп, екеуі мәселені шешпекші болып сөйлесуге кеткенде бойжеткен «LADA Granta» маркалы автокөлігінің рөліне отырып айдап кеткен. Алайда ол көп ұзамай Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында екі автокөлікпен соқтығысқан.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.