​Астаналық әйел бейтаныс ер кісіге күйеуге шыққанын 21 жылдан соң бір-ақ білді

Теги: ,
357

Астана тұрғыны egov.kz порталы арқылы өзін 2001 жылдан бері заңды некедегі адам екенін кездейсоқ білген. Әйел азаматы күйеуінің кім екенін білмейді.

Жалған акт жазбасының күшін жою туралы сұрақпен ол тіркеуші органға жүгінген. Алайда АХАЖ органына некеде тұрған адаммен бірге барып, акт жазбасының күшін жою туралы бірлескен өтініш жазу қажет деген жауап алыпты. Бірақ ер кісі АХАЖ-ға баруға үзілді-кесілді қарсы болған. Бұл туралы Астана соттары Facebook парақшасында жарияланды.

«Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібімен талапкер Астана қаласының Әділет департаментіне шағыммен жүгінді. Алайда “актілік жазбаның қағаз нұсқасында некеге тұрғандардың қолдары жоқ” деп көрсетілген жауап алған. Осыдан кейін тұрғын елорданың әкімшілік сотына жауапкерді некені тіркеу туралы жазбаның күшін жою туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы талап арызбен жүгінді», – делінген хабарламада.

Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен сөйлескен. Қорытындысы бойынша келісім бекітілді. Оның шарттары бойынша әкім аппараты АХАЖ бөлімінде тіркелген некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жою туралы әкімшілік акт қабылдауға міндеттелді.

Алдыңғы пост
​30 жастағы жігіт бейнебақылау камераларын ұрлаумен айналысқан
Келесі пост
​7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған ер кісі іші алып тағы рөлге отырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu