Астаналық әйел өзі жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтерді тонап кетті

Теги:
354

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның пәтерінен 350 мың теңге тұратын «LG» маркалы теледидарын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы бұрын сотты болған әйел адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Тергеу барысында күдіктінің Бейсекбаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын істеп жүріп, пәтердің қосымша кілтін жасатып алғаны анықталды. Содан ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жаңадан сатып алынған «LG» маркалы теледидарды ұрлап кеткен. Ал ұрланған теледидарды төмен бағамен сатып жіберген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында мектеп мұғалімі асық атудан әлем чемпионы атанды
Келесі пост
26 мыңнан астам мұғалім кәсіби біліктілігін арттырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu