331
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың денесі кеше, 1 тамаз күні кешкі уақытта Сарайшық ауылы маңындағы Жайық өзенінен табылған.
Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, 31 шілде күні кешкі уақытта ауданының әкімі Жайық өзенінде шомылып жүріп суға батып кеткен болатын. Оқиға Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында орын алған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аудан әкімі шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен.