​Ауруханада жатқан қария із-түзсіз жоғалып кетті

Теги: ,
369

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ауруханада жатқан егде жастағы тұрғын жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Оның ұлы полициядан көмек сұраған. Ер кісінің айтуынша, ауруханада ем қабылдап жатқан егде жастағы әкесі белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жергілікті тұрғын әкесін бірнеше сағат бойы өздігінен іздеп, таба алмаған.

«Аталған хабар бойынша қазығұрттық полицейлер ұшты-күйлі жоғалған қарияны табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Соның нәтижесінде із-түзсіз жоғалған егде жастағы қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды. Анықталғандай, тәртіп сақшылары қарияны шамамен 3-4 шақырым қашықтықтағы көрші ауыл маңынан жаяу кетіп бара жатқан жерінен тапқан» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
ШҚО-да медицина кадрларының тапшылығы байқалады: 144 штат бірлігі жеткіліксіз
Келесі пост
​Пәтер алмақ болған шымкенттік 5 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu