Шымкентте деструктивті діни ағым өкілі есірткімен ұсталды

Теги: , , ,
161

Шымкент полициясы кешенді іс-шара барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысатын теріс діни ағымдағы ер адамды құрықтады.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірген.

Департаменттің хабарлауынша, 26 жастағы қала тұрғынынан есірткіге ұқсас хош иісті зат салынған полиэтиленді пакет табылған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың «марихуана» екенін расталған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша, ал 2020 жылы 346-бабымен (Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотты болған.

Қазіргі таңда ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкенттік көпбалалы отбасы қайтарымсыз гранттың арқасында қымыз бизнесін дөңгелетіп отыр
Келесі пост
Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu