Шымкентте қыркүйектің 7-сі сағат 23.00-ден бастап 8-і сағат 06.00-ге дейін аралықта бірқатар шағынаудандарда ауыз су беру уақытша тоқтатылады. Жауаптылардың айтуынша, бұған су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуі себеп көрінеді.
Атап айтқанда Енбекші ауданы бойынша Күншығыс шағынауданы №13, 14, 15, 16, 1б, 17, 18, 19, 63, 110 үйлерде, Теріскей шағынауданында №14, №24, Сайрам шағынауданында №10, №11 үйлерде , Жібек жолы, Шаяхметов көшесіндегі №15-ші үйде ауыз су тоқтатылады. Ал 18-ші шағынаудандағы №79, 47, 51, 52, 53, 58-ші, 16 шағынауданда №4, 7, 39, Жібек жолы көшесіндегі №43 үйде, 15-ші шағынауданда №2, 3 үй, 17-ші шағынауданда №1, 2, 3, 4, 12, 14 үйлерде, Ерімбетов көшесіндегі №2 үй тұрғындары үшін де ауыз су уақытша берілмейді.
Сонымен қатар Тараз, Төменгі Отырар, жоғарғы Отырар, Түркістан, БАМ шағынаудандары, Бәйтереков көшесі, кіші Самал, Наурыз, Самал-1, Самал-2 шағынаудандарында, Рысқұлов, Қазиев, Жандосов, Рысқұлбеков, Қонаев, Шәймерденов, Қазыбек би, Орманов көшесі, «Су арнасы» кәсіпорнының аумағы, Кардиоорталық, Онкология орталығы, Диагностикалық орталық маңайында, Әл-Фараби ауданында Адырбеков көшесі, Байтұрсынов көшесі, Дулати көшесінде де ауыз су қолжетімсіз болады.
Сондықтан мамандар қала тұрғындары мен қонақтарынан қажетті су көлемін жинап алуға кеңес береді.