Балалар омбудсмені: Қазақстанда күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады

Теги: , ,
314

Елімізде күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс жасалады. Мұндай статистикалық ақпаратты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Facebook парақшасында жазды. 

Келтірілген дерекке сүйенсек, күніне еліміз бойынша 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсауға тырысады екен. Сондықтан балалар омбудсмені заңды қатайту қажеттігін атап өтті.

«Күн сайын балаларға қарсы 6 қылмыс, ал балалар арасында 5 қылмыс жасалады. Күніне 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады. Жылына 100 бала терезеден немесе ашық жатқан люктерге құлап кетіп жатыр. Сондықтан заңға балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны қатаңдататын, бұл нәрселердің алдын алатын және бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жауапкершілікті күшейтетін түзетулерді енгізу үшін жұмыс істейтін боламыз. Сонымен қатар, отбасыларға, әйелдерге, балаларға арналған мемлекеттік бірыңғай байланыс орталығын құру да маңызды» деп жазды Динара Закиева.

Бұдан өзге балалар омбудсменінің айтуынша, отбасыларға көмек көрсететін және оларды қиын жағдайдан шығаратын жүйе мен инфрақұрылымды құру керек. Қазіргі таңда 3 млн-ға жуық отбасы көмекке мұқтаж. Ал баланың әл-ауқаты отбасының әл-ауқатымен тікелей байланысты. Сол себептен бұл функцияны заңмен әлеуметтік қорғау саласына бекіту және 152 ауданда Отбасын қолдау орталығын ашу қажет.

Айта кетсек, күні кеше балалар омбудсмені Президент қабылдауында болды. Қабылдау кезінде Динара Закиева балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарды баяндады.

Алдыңғы пост
Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті
Келесі пост
Кентаулық тұрғын гүл құмырасына есірткі еккен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu