Дүкенде сыра ішіп жүрген астаналық сатушының телефонын үптеп кетті

457

Ұрлық фактісі Астана қаласындағы сауда орындарының бірінде күндізгі уақытта болған. Ер кісі сыра ішіп тұрып, сатушының басқа бутикке кеткен сәтін пайдаланған. Ол сөре үстіндегі ұялы телефонды ашық түрде алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлық әрекеті ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 200 мың теңгені құрап отыр.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер кісі ұрланған ұялы телефонды белгісіз біреуге сатып жіберген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлық жасаған тұрғын кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы  тексерілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Ақмолада мешіттегі сейфтен қомақты ақша ұрланды
Келесі пост
Алматы облысында орман маңынан қару-жарақ салынған сөмке табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu