Қазақстанда шай мен кофе өндірісі өскенімен, бұл өнімдердің бағасы айтарлықтай қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында елiмiзде 10,3 мың тонна шай мен кофе өндiрiлді. Бұл өткен жылдың сайкес кезеңiмен салыстырғанда 17,2% артық (2022 жылғы қаңтар-маусым – 2022 8,8 мың тонна).
Импорт үлес салмағы – 73,4%. Елге бұл өнімдердің 28,5 мың тоннасы әкелінген. Осылайша импорт көлемі алты айда 32,8% өскен. Ал экспортқа жарты жылда 3,5 мың тонна шай мен кофе жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% артық.
Ішкі нарықта барлығы 35,2 мың тонна өнім сатылды. Өткен жылмен салыстырғанда 29,3% көп.
2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда биыл шай бағасы – 12,8%, кофе – 17,5% қымбаттаған.