Үйін тартып алған: Шымкентте 2 баласы бар әйел алаяқтың кесірінен далада қалған

Теги: , , ,
473

Шымкентте пәтер аламын деп бар жиған-тергенін үй иесіне санап берген келіншек соңында үйсіз қалды. Өйткені пәтер иесі ақшаны алып болған соң райынан айнып қалған.

Жергілікті тұрғын полицияға алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Ол өз шағымында 2 жыл бұрын банкте кепілде тұрған үйді сатып алғанын, үй иесіне 2 миллион теңге қолма-қол беріп, 9 млн 500 мың теңге кепіл несиені өзі өтеуге келіскенін жеткізді.

Үй иесі несиені толық төлеп болған соң  жылжымайтын мүлікті сатып алушының атына аударып беремін деп сендірген. Қарыз өтелген соң сатушы сөзінен айнып, оны үйден шықпай жатыр деп сотқа берген. Нәтижесінде сот үйді босату туралы шешім шығарған.

2 баласымен далада қалған әйел алаяққа алданғанын түсініп, полицияға көмек сұраған. Істі анықтау бөлімінің бастығы Өмірбек Дәулет және анықтаушы Ортай Абзал назарға алып, оқиғаның мән-жайын нақтылауға кірісті.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу барысында баспананың заңды иесінен және банк қызметкерлерінен жауап алынды. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, үйді сатып алушының атына аударып берді. Екі тарап өзара келісімге келіп, жәбірленуші арызын кері қайтарып алу туралы өтініш жазды» – деді Тұран аудандық ПБ-ның анықтаушысы А.Ортай.

Алдыңғы пост
Шымкентте бір мезетте ломбард, киім дүкені мен студия өртенді
Келесі пост
Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар керек?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu