Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар керек?

Теги: , ,
530

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту мақсатында биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Елімізде 11 317 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 89,1%-ды құрайды. 

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Кезекке қою және жолдама беру электондық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

– Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);

– Өтініш (мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

– Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

– Баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты;

– № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

– № 027/е нысанды анықтама;

– психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).

Айта кету керек, қазіргі таңда балабақшаға кезекке қою тәртібіне өзгерістер енгізілуде. Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою және қабылдаудың бірыңғай базасы құрылуда.

Алдыңғы пост
Үйін тартып алған: Шымкентте 2 баласы бар әйел алаяқтың кесірінен далада қалған
Келесі пост
Түркістан облысында 8 мектеп оқу жылына дайын емес

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu