Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оны облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. 33 жастағы тұрғынды тінту кезінде”каннабис шайыры” есірткі затының 44 бумасы тәркіленді. Ал тұрғын үйді тексеру барысында “Малыш” атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен оның ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған 2 бума табылды.
Тәркіленген “каннабис шайыры” есірткі затының жалпы салмағы 628 грамнан асады.
«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.