Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр.
“Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайларда тіркеу (2016 жыл бұрын) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.
Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді “қолдан” енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.
Нәтижесінде, мемлекетке алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 миллиард теңге залал келтірілген.