Кентауда «Ризық Рауаны» қоғамдық тамақтану орнында фаст-фуд өнімдеріне тапсырыс беріп, уланып қалғандар саны 100-ге жетті.
Түркістан облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда стационарлық ем қабылдаған науқастардың 67-сі ауруханадан үйлеріне шығарылған. 25 наукас амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Түркістан қалалық жұқпалық аурулар ауруханасында 8 науқас ем алуда.
Зертханалық тексерулердің нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнындағы 2 қызметкерден сальмонеллез, 6 қызметкерден стафилококк ауруының қоздырғышы анықталған. Сонымен қатар үй ошағынан алынған 3 чикен (тауық еті) өнімінен сальмонеллез инфекциясы анықталған.
Еске салсақ, біз бұған дейін Кентауда фаст-фуд өнімдеріне тапсырыс бергендердің жаппай уланып, ауруханаға түскені туралы жаздық.