«Әкімдік қызметкерімін». 33 жастағы ер кісі пәтерге мұқтаж тұрғындарды сазға отырғызып кетті

12

Қарағандыда алаяқтық фактісі бойынша кезекті қылмыс ашылды. Бұл жолы полицияға 31 жастағы азамат жүгінген. Баспана алуды көздеген ол оңай жолды іздеген. Содан өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған ер кісімен хабарласқан. Бейтаныс адам өзінің мүмкіншіліктерін айтып, қысқа мерзімде көмектесетініне уәде етіп көндірген. Ол қызметі үшін 2 млн 300 мың теңге беру керектігін айтқан. Алаяқтың құрғақ уәдесіне сеніп қалған жәбірленуші айтқан соманы санап берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін делдал байланысын тоқтатқан.

Облыстық Полиция департаментіндегілер көз ұзамай күдікті ұсталғанын хабарлады. 33 жастағы ер кісі өз кінәсін мойындаған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тағы бір ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталыпты. Бұл жолы ұсталған азамат дәл осындай құрғақ уәдемен 32 жастағы қала тұрғынынан 1 млн 100 мың теңге алған екен.

Алдыңғы пост
Екібастұзда жаяу жүргінші мерт болды
Келесі пост
Түркістанда көлік жолаушысынан 1 келіге жуық есірткі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu