Үкімет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкіміне бірқатар міндет қойды

Теги: , ,
340

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Әлихан Смайылов Шымкентке барып, қала мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Сонымен қатар Үкімет басшысы қала активімен кездесу өткізді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Әлихан Смайылов Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 5 жылдан астам уақыт өткенін атап өтті.

«Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», — деген Премьер-министр тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет екенін айтты.

Үкімет басшысы атап өткендей, Шымкент қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы бар қала болуға тиіс. Ол үшін инвесторларға тиісті жағдай жасап, қаланың дамуына серпін беретін өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға басымдық беру қажет.

«Біз Шымкент қаласының шағын және орта бизнес үшін өнеркәсіптік аймақтар құру тәжірибесін кеңінен қолдаймыз. Биыл бұл тәжірибені барлық өңірде қолдану бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Шымкент шағын және орта бизнестің орталығы деп айтуға болады. Сол себепті шағын индустриялық аймақтарды іске қосу жұмыстары жалғасуға тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-министр халық санының өсуі бірқатар әлеуметтік нысанға түсетін салмақты арттыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланып отыр.

Оған қоса Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан жаңа Студенттер сарайы мен Шымкент қалалық опера және балет театры құрылысының маңызын атап өтті.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру маңызды міндеттердің бірі болып отырғаны атап өтілді. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етпек.

Қорытындылай келе, Премьер-министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл кездесу алдында Үкімет басшысы қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысқан болатын. Жиын барысында депутаттарға қала әкімі лауазымына екі үміткер – Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбеков таныстырылды. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Рашид Мыңбаевқа дауыс берді, 19 депутат Ғабит Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабит Сыздықбеков тағайындалғаны туралы бұған дейін жаздық.

Үшінші мегаполистің жаңа әкімі бұл қызметке тағайындалғанға дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болған.

Алдыңғы пост
Түркістанда қолына автомат алып, көлікке отырған жүргізушінің кім екені анықталды
Келесі пост
Шымкентте 20-дан астам оқу орталығы жұмыссыз азаматтарды тегін оқытады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu