405
МузАрт тобының Қарағандыда өткен шығармашылық кешінде көрермен боп келген қария залдағыларды таң қалдырды. Топ мүшелері ән салып тұрған сәтте сахнаға шығып кеткен зейнеткер өнер иелерімен бірге жанды дауыста ән шырқайды.
Ақсақалдың бұл әрекеті әншілер үшін де күтпеген жағдай болды. Дегенмен олар еш саспастан қарияны жылы қабылдап, өнер көрсетуін жалғастыра берген.
Қарт көрерменнің дауысына концертке жиналған көрермен құрмет көрсетіп, ду қол шапалақтады.
Кештегі бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.