Мұғалім боп жұмысқа тұрмақ болған жас жігіт қомақты қаржысынан айырылды

460

Шымкентте жоғары оқу орнында білім алып, қолындағы дипломмен дене шынықтыру пәні бойынша мектепте мұғалім болуды көздеген азамат алаяққа тап болды. Ол Абай аудандық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс азаматша мектепке мұғалімдікке жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала 800 мың теңге ақшалай қаражатын алған. Содан екі ай бойы түрлі сылтау айтып алдап келген.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталы, тиісті басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын соңды сотты болмаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйел азаматының басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте инклюзивті білім беру жүйесін дамыту назарда
Келесі пост
Жамбылда есірткі сатумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu