Оқу-ағарту министрлігі мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу акциясының екінші кезеңін бастады. Нақтырақ айтқанда, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен мектеп асханалары мен жуынатын бөлмелерді бақылауға арналған «Балаға лайық» акциясы басталды. Шара 20 қыркүйекте басталып, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.
Кез келген адам мектеп асханалары мен әжетханаларын көркейтуге өз үлесін қоса алады. Ол үшін фото және видео түсіріп, мекеменің атауы мен мекенжайын көрсетсе болғаны. Жіберілген материалдар мектеп асханалары мен дәретханаларына қатысты шағымдарды, кемшіліктерді немесе үлгі ретінде көрсетуге болатын жағдайларды көрсете алады.
«Балаға лайық» акциясының бірінші кезеңі шараның жоғары белсенділігі мен тиімділігін көрсетті. Алғашқы мониторинг нәтижесінде 1 000-нан астам хабарлама түсті. Жергілікті атқарушы органдарға жазғы демалыс кезінде барлық кемшілікті жою тапсырылды. ондай-ақғ тиісті тапсырма бойынша жұмыс жүргізілді. Акцияның екінші кезеңі аяқталған соң бұзушылықтары бар материалдар келіп түскен ескертулерді жою үшін әкімдіктердің білім бөлімдеріне жіберіледі. Сонымен қатар үлгілі мектептер анықталып, ынталандырылады. «Кемшіліктермен жұмыс» жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасына мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» форматындағы фотолары мен видеолары жарияланады. Мектептер заңды түрде әкімдіктерге бағынады және мектептерді салу мен ұстауды қаржыландыру олардың құзырында екенін еске сала кетеміз. Осындай акцияны өткізу арқылы біз бірге балаларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.