Мемлекет басшысы полипропилен өндіретін кешенді іске қосты

191

Президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-на қарасты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына газ-химия кешенінің даму перспективасы туралы баяндады. Жалпы, кешен құрылысына 4300 адам жұмысқа тартылған. Ол толық іске қосылғанда 631 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Теңіз» кен орнында өндірілетін шикізатты өңдеуге бағытталған кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен шығара алады. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.

Өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.

Кәсіпорында америкалық «Lummus Technology Inc» компаниясының Catofin және Novolen технологиялары пайдаланылады. Әлемде мұндай кешен Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді 5 елде ғана бар.

Алдыңғы пост
Ислам құндылықтары ұлт бірлігін нығайтуға ықпал етеді: Елбасы радикалдар мен діни сепаратизм туралы айтты
Келесі пост
Қазақстанның екі ұлттық ЖОО-сы Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu