Министрлік бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлем қалай жүргізілетінін түсіндірді

Теги:
333

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік көмек қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді.

«Мемлекет басшысының осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері ұлғайтылады. Ана мен баланы қолдаудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады» делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Әлеуметтік кодекс жобасында қолданыстағы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер толық сақталған. Құжатта балалы отбасыларды мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қолдауды жақсартатын нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.

Бұл ретте, МӘСҚ-тен төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталатын болады. Жұмыс берушілердің олардың қызметкерлері үшін МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.

Бала туылғанға дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.

Әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланатын болады. Мәселен, «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бүгінгі таңда 6 және 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей жәрдемақы алады. Бұл ретте 6 немесе 7-ден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде аналар мәртебесі белгіленетін болады.

Мүгедектігі бар балалар үшін қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілерге зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтіліне қосу мақсатында 2023 жылдан бастап зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын болады.

«Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды көздейді. МӘСҚ-тен жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемді, бала тууына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, мемлекеттік бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін және МӘСҚ-тен жұмыс істейтін әйелдер үшін жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға отбасының табысы есепке алынбай төленетін жәрдемақыны қамтиды. Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген» деп атап өтті министрліктегілер.

Алдыңғы пост
Қостанайлық әйел 75 жастағы зейнеткерді алтын үшін өлтіріп кетті
Келесі пост
Немересінің 1-сыныпқа барғанына қуанған әйел мектепте 40 кг конфетті шашу етіп шашты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu