Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Теги:
365

Отандық өнер жұлдызы Төреғали Төреәлінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.

«Бұған дейін Төреғали Төреғалиге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бір­ыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылады» делінген ведомство мәліметінде.

ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес өлім-жітіммен байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Еске салсақ, әнші Төреғали Төреәлінің үстінен ҚР ҚК-нің 293 – бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша іс қозғалған болатын. Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан “Көлсай көлдері” ұлттық паркінің аумағында өнер иесі жас жігітке тап берген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде видео тарап, онда жас жігіт өзіне әнші Төреғали Төрәлі тап беріп, қабағын жарғаны туралы айтқан. Қабағы жарылған жігіттің қасындағы бір топ адам өнер жұлдызының қол көтергенін растайды.

Осыдан кейін әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кейінірек ол кепілдікке 10 миллион теңге төлеп, босап шыққан еді.

Алдыңғы пост
Жамбылда 5 күннен бері ағасы шарқ ұрып іздеген әйел жазық даладан табылды
Келесі пост
“Шымкенттен” әнші JONY үшінші мегаполисты тағы да еске алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu