Шымкенттегі бір ауданда биыл 70 көшеге асфальт төселеді

167

Шымкенттегі Қаратау ауданында биыл 70 көшеге асфальт төселеді. Мұндай мәліметті әкімдіктегілер хабарлады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, асфальттеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық»  шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық»  саяжайында жүргізілетін болады.  Сондай-ақ Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарланып отыр.  Ал көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге  тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.

Айта кетсек, бұған дейін қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында «Ақжайық» шағынауданы тұрғындары елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізу бойынша өтінішін жеткізген болатын. Тұрғындар талап-тілегі ескеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізілді.

Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес, көшелердің ені 5 метрді құрайды. Бұған дейін «Ақжайық» елдімекендегі көшелердің 90 пайызы асфальттелген.

Биыл жалпы қала аумағында 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бұлан өзге Шымкент қаласы әкімдігіндегілердің мәліметінше, бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар «Қайнарбұлақ» елдімекеніне бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылуда. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла  бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру  жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізетін болады.  Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.

Алдыңғы пост
99 адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болған
Келесі пост
Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер 6 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu