Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірген педофилге сот үкімі шықты

Теги: , ,
496

Сарыағаш ауданында бүкіл жұртты дүр сілкіндірген 5 жасар қыздың өліміне қатысты іске сот нүкте қойды. Үкім Шымкенттегі тергеу изоляторында өткен сот отырысында оқылды.

Сот мәліметінше, айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы (Адам өлтіру), 121-бабы 4-тармағы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылды. Оның кінәсі толық дәлелденіп, сот оған өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Бұдан өзге сотталушы химиялық кастрация мен мәжбүрлеп емдеуден өтеді және жәбірленушілердің пайдасына сотталушыдан моральдық зиянды өтеу ретінде 100 млн теңге өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 13 шілдеде Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз үйінің алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен еді. Бүлдіршінді бүкіл ауыл болып іздеген. Өкінішке орай кешкі уақытта көрші тұрған үйдегі қора шатырынан айуандықпен өлтірілген бүлдіршіннің мәйіті табылды. Күдікті ретінде сол үйде тұратын көршісі ұсталып, қамауға алынды.

Кейінірек белгілі болғаны, күдікті бұған дейін адам өлтірген үшін түрмеде 10 жыл отырған. 2023 жылы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Алдыңғы пост
Отандық туроператорлар шетелдік туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағамды атады
Келесі пост
Кәсіптің кілтін тапқан Шымкенттік Шербек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu