Сарыағаштық батыр ана 11-ші сәбиін дүниеге әкелді

Теги: , ,
289

Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-ші баласын дүниеге әкелді.

Батыр ана сәбиін №1 облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің көмегімен отасыз босанған. Ақ халаттылардың айтуынша, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы.

Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11 перзентін де отасыз өзі босанған. Дәрігерлер 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі деп отыр.

Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21 жаста. 11-ші перзентіне көпбалалы ана Мұстафа деген есім берген

Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.

Алдыңғы пост
Елімізде жаңғақ бағасы 3,9 пайызға өсті
Келесі пост
Шымкентте анасы мен қызы дүкеннен бірнеше рет иіссу жымқырып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu