390
Павлодарда тапа-тал түсте ұялы байланыс салонына қарақшылық шабуыл жасалынды. Белгісіз ер кісі сатушыны пышақпен қорқытып, IPhone маркалы 25 дана ұялы телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.
«Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4 -бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.