432
Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық аулаған браконьерлер ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде полицейлер мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар жағалауда қайықтың көмегімен балық аулаған 2 ер адамды анықтады.
«Заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан резеңке қайық, балық аулау құралдары және 67 келі түрлі балық тәркіленді. Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 335-бабы “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру” бойынша тіркелді» деп атап өтті полициядағылар.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайтын болады.