Шетелдік турист Алматыдағы әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңге төлеген

Теги:
410

Алматыда такси жүргізушісі Италиядан келген әйелді әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген. Көлік жүргізіп, нәпақа тауып жүрген ер кісі шетелдік тұрғынды алдау арқылы көбірек ақша тапқысы келген көрінеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіндегілер мәлімдеді.

Ведомства бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін қасақана жоғары бағамен тасымалдаған такси жүргізушісіне қатысты шара қолдану туралы өтініш түскен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында такси жүргізушісінің жеке басы анықталыпты. Ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ер адам шетелдік әйелді әдейі жаңылыстырып, Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйге дейін жоғары төлем алған. Жүргізуші келтірген залалды өтеді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп түйіндеді сөзін Мадияр Айтуғанов.

Алдыңғы пост
Шымкентте көшеден 19 жасар жігіттің мәйіті табылды
Келесі пост
«Абай, Тәуке хан, Фариза». Шымкент мектептеріне ұлы тұлғалардың есімдері беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu